Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл орта мектебінің оқушылары мұғалімдерге арнап құттықтау газет шығарса, аналарына өз қолдарынан сыйлықтар жасады. Қолөнер көрмесі "Сүйікті анама сыйлық!" және иллюстрациялық - кітап көрмесі ұйымдастырылды. "Ана біздің күніміз - біз ананың гүліміз!" атты тақырыпта оқушылармен сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.