Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Ата-аналар конференциясы

Баян жалпы орта білім беру мектебінде 1-10,және 11 - сынып ата-аналары үшін  "ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата ана:өз балана үлгі бол" атты тақырыбында республикалық ата аналар конференциясы өтті.Аталмыш жиын барысында  мектеп директоры Асқар Құрманғалиұлы Сұрағанов өз сөзінде ата-аналарға сапалы білім беру мен саналы ұрпақ өсіруде мектеп-ата-ана-бала болып  бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды.
Конференция бес тақырып бойынша қарастырылды. «Әр тақырыптың маңызы оразан зор екендігін айтып өту өте маңызды. Себебі, мақсат: жасөспірім шақта балаға назар аудару, қамкорлық көрсету керектігін  түсіндіру» – дейді  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ахметжанова Римма Вагизовна.
Сонымен қатар, конференцияда  мектеп психологы Найманова Арайлым Айтмұрзақызы өзекті тақырыптарға тоқталып өтті. Оқушылардың ата-аналарымен «Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері», «Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады?», «Қауіпті ақпарат көздері, Интернеттегі қауіпсіздік», «Оқушының психологиялық денсаулығын сақтау», «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу» т.б тақырыптар талданып, ұсыныстар берілді.Сергіту сәті ретінде психологиялық тренингтер өткізді. Ең бастысы ата-анаға отбасылық құндылықтарды мысал ретінде көрсетіп, баламен   қалай жұмыс жүргізу керек екенін айтты. Жиналған ата-ана конференцияға жоғары баға беріп, пікір алмасты. Иә, әрбір бала- ата-анасының айнасы. Әрбір мұғалім-мектебінің айнасы. Енді осы үшеуі тығыз байланысып,тек жақсы жағынан көрінсе дейміз. 
  
   
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь