Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

«Ескендір» поэмасы ашық сабақ

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                           Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы:       «Ескендір» поэмасы                                                                        

Сабақтың мақсаты: а) Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту.

ә) Оқушылардың топпен жұмыс жасап, өз ойынеркін жеткізуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, диспут, топтастыру, «Джигсо» стратегиясы, кубизм стратегиясы, талдау т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар, плакат, фотосуреттер, стикер    т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын. Өткен тақырып бойынша ассоциациялық карта құрастырамыз.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

  • Ескендір бейнесі шынайы тарихтағы Александр Македонскийдің тұлғасы.
  • Сюжетіне келсек те тарихи оқиғамен ұқсас
  • Ұлы ақынның поэмасы реалистік әдіспен жазылған туынды
  • Осы поэма арқылы өзгенің жеріне көз тігудің өзі әділетсіздік екендікке көз жеткізілді.
  • Қазақ әдебиетін Шығыс,

    Батыс мәдениетінің мұраларымен ұштастырды.

1-кезең. Топтасу :  2- топқа топтасайық. Абай мен Ескендір Зұлқарнайы суретін пазл ретінде жинау арқылы жүзеге асырамын.

2-кезең. Мағынаны тану. Ескендір жайлы плакат сызу

1-топ: Ескендірдің тарих бетіндегі образы.

2-топ: Ескендірдің поэмадағы образын сызбаға түсіреді.

3-кезең. Ой толғаныс кезеңі

1-топ. «Джиксо» стратегиясы.

 Поэмаға толық талдау жүргізу. Салыстыру ретінде Низамидің «Ескендірнамесі» туралы мәтінді топпен талқылайды.

2–топ. Кубизм стратегиясын қолдану арқылы поэманы талдайды.

4-кезең. Диспут. Тақырып: «Мемлекетті басқаратын адам қатал болу керек?»

1-топ. «Келісемін»                            2-топ. «Келіспеймін»         

Қорытынды: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себепті оқудан, білуге құштарлықтан, ізденуден жалықпайық .

Осы поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?                    

Білімді бекіту:

 

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың сабақ барысында өзін-өзі бағалау

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс

Қорытынды

Жанбота

 

 

 

 

Диас

 

 

 

 

Мейірман

 

 

 

 

Құдырет

 

 

 

 

Замзагүл

 

 

 

 

Асем

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: Абайдың поэмаларын толық оқу. «Масғұт», «Әзім әңгімесі».


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь