Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528610
<

 введите текст 

Все новости

Ұстаздармен психологялық тренинг

 

                                (Ұстаздармен психологялық тренинг)

өткізген:психолог-Шамилова Б.А.

 

Қайрлы күн!Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар!

Көніл-күйлерініз қалай?

Қазір мен сіздермен қызықты психологиялық тренинг жүргіземін.

 

Мақсаты: Қатысушылардың позивтивтік көңіл-күйін көтеру,жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық сергектік,адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру.

І- Біріншіден біз «Кел танысайық жаттығу»

Қазір шеңбер жасап отырайық.Шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап топқа таныстырамыз.

Барысы: «1-2 сөйлем арқылы өз есімізді,өз мінезінізді айтуы керек.»

Сұрақ :

1.Танысу біткен соң,таныстырудың қалай өткені туралы пікір талас жүргізіледі.

2.Кімнің таныстыруы сізге ұнады және оңың сізге таныструы несімен ұнады?

ІІ- «Жел соғады»-жаттығу

«Қазір біздің таныстығымызды ары қарай  жалғастру мүмкіндігі тумақ.Оны былай жүзеге асырамыз:шеңбердің ортасында тұрған(алғашында ол адам орнында мен боламын)ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру(ауысып отыру)ұсынысын жасайды.Мысалы мен:»Жел соқады араларыңызда әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыныздар»,-деп айтамын,-сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет.Осы сәтте шеңбердің ортасыннда  тұрған адам ,орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс,ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам,ойынды жалғастырады.Бұл жағдай бір-біріміз жөнінде толығырақ біле түсуге мүмкіндік береді.»

ІІІ-Есте сақтаңыз, сізде тек 40-сек уақытыңыз бар:

1-Екі рет отырып –тұрыңыз

2-Сол аяғыңызда 5-рет секіріңіз

3-екі қолыңызды 2 рет жоғары көтеріңіз

4-барлық тапсырмаларды мұқият оқыңыз

5-Өз атыңызды айқалап айтыңыз

6-Екі рет қатты дауыспен мияулаңыз

7-Кез-келген 3 адамның бетінен сүйіңіз

8-Өз орныңызда 3-рет айналыңыз

9-Ойынды жүргізішіге қарап қатты күліңіз

10-Кез-келген 3-адамның қолынан ұстап көріңіз

11-Оң аяғыңызбен 5-рет секіріңіз

12-Барлық тапсырмаларды оқып шыққан соң №13 және №14 тапсырмаларды ғана жасаңыз

13-Тізерлеп отырыңыз

14-Осы парақты алдыңызға қойыңыз

РАХМЕТ!!!(((

СҰРАҚТАР....

Осымен біздің  ұстаздарға арналған тренигіміз аяқталды .Қатысқандар үшін көп рахмет! Сау болыңыз.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь