4 наурыз күні. 4 "А" сынып жетекшісі Биисова Эльмира К. «Білімді ұрпақ-ел болашағы » атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену. Тәрбие сағаты 4 айналымнан тұрды. 1 - айналым «Бәйге» 2 - айналым «Дода» 3 - айналым «Жорға» 4 – айналым "Сын сағаты". Оқушылар екі топқа бөлініп. берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады.