Жаңа жыл мейрамы
29 желтоқсан 2016 жылы Орман бастауыш мектебінде бастауыш сынып оқушылары, мектепалды даярлық сыныбының , шағын орталықтың тәрбиеленушілеріне арналған " Жаңа жалды қарсы алайық"- атты таңертеңгілік өтті. Жаңа жылдық шыршаны дайындаған
ұстаздар, тәрбиешілер , ата-аналар оқушыларға арнап жақсы, көңілді мейрам силады. Оқушылар өздерінің дайындаған тақпақтарын оқып,
Аяз ата мен Ақшақардан силық алса, мұғалімдер мен жұмыскерлер өлең айтып, қойылымдар қойып балаларды риза қылды. Ата-аналар балаларға силықтарын силады. мектеп меңгерушісі балаларды Жаңа жалмен құттықтай отырып, Жаңа жылда оқуда алда болып,
ата-аналарының қуанышы болуына тілектестік білдірді.
Жыл басында бастауышта бес оқушы оқыды. 1-сыныпта Жаңартылған бағдарламамен 2 оқушы оқып, білім алып жатыр. Бірінші жартыжылдықты аяқтады. Сауат ашуды жақсы игерді, оқи алады. Тоқсан соңында сөздік диктант жаза алады. Сурет арқылы әңгіме
құрастыра алады. Математикадан 100-ге дейін санай алады. +,- таңбаларын пайдаланып, есеп шығара алады. Логикалық есептерді еркін шығара алады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер